ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің

«Академик Қаныш Сәтбаев атындағы мектеп-балабақша оқу-тәрбие кешенi» КММ
КГУ «Школа-детский сад им. Академика Каныша Сатпаева» отдела образования Баянаульского района Управления образования Павлодарской области

Тендик a.
871834064532
satpaev@bayanaul.edu.kz

Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің

«Академик Қаныш Сәтбаев атындағы мектеп-балабақша оқу-тәрбие кешенi» КММ
КГУ «Школа-детский сад им. Академика Каныша Сатпаева» отдела образования Баянаульского района Управления образования Павлодарской области

МЕНЮ

Біз сіздермен сәлемдесуге
қуаныштымыз мектебіміздің ресми сайтында!

Сайт біздің қалай екенімізді білгісі келетіндердің
барлығына арналған оқу орны.

Бөлімге өтіңіз

«Академик Қаныш Сәтбаев атындағы мектеп-балабақша оқу-тәрбие кешені» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2026 жылындың 30 наурызы аудандық «Қорытынды аттестаттауды тиімді ұйымдастыру және басқару» тақырыбында мектеп басшыларына арналған семинар-практикум өткізілді.

Семинардың негізгі мақсаты – қорытынды аттестаттауды сапалы жоспарлау, тиімді басқару және білім нәтижесін арттыруға бағытталған кәсіби құзыреттілікті дамыту болды.

Іс-шара барысында қатысушыларға қорытынды аттестаттауды ұйымдастыруға қатысты нормативтік-құқықтық құжаттарға шолу жасалып, білім алушыларды дайындау жұмыстарын жүйелеу жолдары ұсынылды. Сонымен қатар, білім беру үдерісінде заманауи цифрлық платформалар мен жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді пайдалану жолдары қарастырылды.

Семинар тәжірибе алмасу алаңы ретінде ұйымдастырылып, қатысушылар белсенді түрде түрлі әдіс-тәсілдер арқылы жұмыс жүргізді. Атап айтқанда:

– «Квиз» тесті арқылы білімдерін тексеріп, нормативтік құжаттар бойынша білімдерін бекітті;

– «Фрейер моделі» әдісі арқылы тақырыпты жан-жақты талдап, теориялық білімдерін тереңдетті;

– Padlet платформасында цифрлық постер дайындау арқылы шығармашылық және цифрлық құзыреттіліктерін көрсетті;

– «3-2-1» әдісі арқылы кері байланыс беріп, семинардан алған әсерлері мен ұсыныстарын білдірді.

       Семинар барысында қатысушылардың кәсіби белсенділігі жоғары деңгейде көрініс тауып, тәжірибе алмасу нәтижелі өтті. Ұсынылған материалдар мен әдістер қорытынды аттестаттауға дайындық жұмыстарын тиімді ұйымдастыруға ықпал етеді деп күтілуде.

Баянауыл ауданының білім беру бөлімі әдістемелік кабинетінің меңгерукшісі Нуртаева Гульнази Зейноллаевна қорытындылап, аталған семинар педагогтердің кәсіби дамуына, басқарушылық тәжірибесін жетілдіруге және білім сапасын арттыруға бағытталған маңызды әдістемелік іс-шара ретінде жоғары бағалады.

Өткізгендер: Аутаева К.С

                 Марина С.З

© 2026. Все права защищены.